Штаб мүшелері Долинный аулында
Халықтық коалиция атынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Теректі аудандық штабының мүшелері М.Ибраев және Б.Қазиханов Долинный ауылында Чернобыль АЭС және Семей ядролық полигонындағы апатты жоюға қатысушылармен кездесті. Штаб мүшелері Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасын әр тармағы бойынша жете түсіндіріп, 2022 жылдың 20 қарашасында Қ.К.Тоқаевқа дауыс беруге шақырды. #Toqaev2022
