Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үштұғырлы тіл – ұлт болашағы

Бүгін «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесі отырысында «Nur Otan» партиясының 2016-2021 жылдарға арналған «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасындағы үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) еркін меңгерген халықтың үлесін 30 пайызға дейін арттыру индикаторының Жамбыл өңірінде орындалуы қаралды.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аймақтық кеңестің төрағасы Балабек Нарбаев төрағалық еткен жиында Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова хабарлама жасады.

Басқарма басшысының мәліметіне сүйнсек, өңірдегі тілдік ахуалды сараптау нәтижесі бойынша 2019 жылы тұрғындардың 90,4%-ы мемлекеттік тілді меңгерген (жоспар - 90%), 2020 жылы 90,5%-ті құрау тиіс. Орыс тілін меңгерген халықтың үлесі 93,5%-ті құрады (жоспар - 89%), 2020 жылы 90%-ті құрау тиіс. Ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі - 27,2%-ті құрады (жоспар -27%), 2020 жылы 27,5%-ті құрау тиіс. Ал үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгерген халықтың үлесі 25,3%-ті құраса (жоспар - 25%), 2020 жылы 26%-ті құрау тиіс.

Ал әлеуметтік саралау Жамбыл жастарының үштілділік саясаты дұрыс бағытта екенін көрсетіп отыр екен. Жиын барысында кеңес мүшелері ой-пікірлерін айтып, Жамбыл облысында тілдік ахуалды жақсарту жолдары бойынша ұтымды ұсыныстарын жеткізді.

0
0
115

Осы тақырып бойынша

Үштұғырлы тіл – ұлт болашағы - Yvision.kz