Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Шлюмберже» компаниясының еңбек ұжымы мен онлайн кездесу болды.

«Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Шлюмберже» компаниясының еңбек ұжымы мен онлайн кездесу болды.

«Шлюмберже» компаниясы – әлемнің 80-ге жуық елдерінде істейтін, 140 түрлі ұлттан тұратын, 100 мыңға жуық жұмыскерлері бар дүниежүзілік ірі мұнай саласындағы қызмет көрсету корпорациясы. «Шлюмберже» сейсмикалық ақпарат пен формацияның даму процесі, ұңғы тесті мен тура бұрғылау, ұңғы цементтеу мен қоздыру, жасанды көтеру, ұңғыны аяқтау және консалтинг, бағдарламалар мен ақпаратты басқару сияқты кең ауқымды өнімдер мен қызметтер ұсынады. Бүгінгі таңда компанияның Маңғыстау облысындағы базасында 300­ге жуық адам еңбек етуде. Кездесуде еңбек ұжымы халық қалаулыларына өз ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты.

Осы тақырып бойынша

«Шлюмберже» компаниясының еңбек ұжымы мен онлайн кездесу болды. - Yvision.kz