Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шетелдік көзқарас!

Ассалаумағалейкум жамағат! Назарларыңызға кішігірім жобаны ұсынамын. "Мен және менің шетелдік достырым. Қазақстан жайлы". Әр шығарылымда бір мемлекет өкілінің Қазақстан жайлы пікірін біліп отырамыз. Сырттан айтылған пікір шынайы болуы мүмкін және шетелде жүрген отандастарымыздың әрекетіне тікелей байланысты да болуы мүмкін. Әрине Қазақстан деген сөзді естімеген жандар да бар. Бұл еліміздің халықаралық аренада әлсіз екенін білдірмейді. Бұл кейбір адамдардың outlook көз-қарасы кедей деген сөз. Мысалы, Африка континентін бір мемлекет деп ойлап жүргендер де бар. Сондай-ақ, Африка мемлекеттерінің барлығы дамудан тыс қалған немесе Африка континенті азаматтарының барлығы қара нәсілді деген қате пікір сияқты.

Кіріспе болған соң ұзақ жазбауды ұйғардым. Оқырманға қызық әрі пайдалы болады деген үміттемін. Бастамасы 4-ші мамырда болады.

1
2
515

Осы тақырып бойынша