Шектеулер мен таңдау

Прериямен екі ковбой – Джон және Билл атпен құйғытып келе жатыр. Биллде жүз доллар бар, Джонда ақша жоқ. Джон жолдасының қаржысының өз қалтасына ауысқанын армандайды. Қараса: жолда бір үйме боқ жатыр. Ол:
- Билл, менің мына бір үйме боқты жейтініме жүз долларға бәстесесің бе? – дейді.
- Жей алмайсың?
Бәстеседі. Ол үймені әп-сәтте «жоқ қылып», жүз бакс алады. Одан әрі шауып кетеді. Биллдің өз ақшасын қайтарғысы келеді. Сол кезде жолда боқтың екінші үймесі кездеседі. Ол:
- Джон, менің де мұны жей алатындығыма жүз долларға бәстесейік.
Бәстеседі. Ковбой өз ақшасын кері қайтарады. Өздерінше мәз болып олар әрі қарай жортады. Сол тұста Джон ат басын іркіп, Биллге таңдана қарайды:
- Достым, Билл, осы біз боққа қазір ғана тегін тойғандай көрінбейміз бе?
Мүмкіндік жақтауын қалай кеңейтуге болады? Проблемалық жағдайға реакция берудің де мыңдаған тәсілдерінің бар екендігін сенің білуің қажет, және де оны шешудің қандай тәсілдерін таңдау өзіңе байланысты.
Егер сен бірде бұл мәселеге тек осылай және ешқандай басқаша емес қарау керектігі туралы ақпарат алсаң, онда бұл бұған ұқсас қатынасқа барлық өз өміріңде сиынып өт дегенді білдірмейді. «Өзіне мықты (принципиалды) адам» деген, «шектеулі адам» деп естіледі.
Күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздерді қарастырайық: «Менің қолымнан ештеңе келмейді, адамдар мені түсінбейді».
«Мен – жолы болмаған адаммын».
Сенің қолыңнан ештеңе келмейтіндігін сен қалай білдің? Сен азанмен тістеріңді тазалайсың, және де бұл процедураны жасау сенің қолыңнан келеді ме? Сен асты шайнағанда, бұл жүзеге асады ма? Кітапты оқыған кезде, сен әріптерді ажыратып, оның мағынасын ұғып, беттерді парақтай аласың ба? Демек, міне, ал сен: «БӘРІ қолымнан келмейді!» дейсің. Сенің қолыңнан келуі үшін сен дәл нені қалайсың? Бәрі орындалуы үшін қалай жасау керек? Қандай нақты адамдар сені түсінбейді? Айналаңдағылардың бәрі сені түсінбейді ме? Басқалардың сені түсінуі үшін нені қалайсың? Ақпаратты қалай түсінікті етіп жеткізуге болады? Өмір жолыңа кесе көлденең тұрған қиындықтардың сәтсіздіктерге айналмауы үшін қалай істеу керек? Сәтсіздіктен оңды нәтижені қалай жасауға болады? Тек «ҚАЛАЙ» деген сауалды қой. Және оған жауап бер, оқы, сұра, қара, назар сал, үйрен. Есіңде болсын, егер әлдекім бірдемені жақсы жасаса – мұны ӘРҚАШАН қайталауға болады.
Миыңды өзіңе көмектесуге мәжбүрле. Ол одақтас. Сен әмір бердің, ол орындады. «Қалай бақытты болуға болатындығы» туралы көптеген кітап оқып, оған қол жеткізе алмауың мүмкін. Теорияны практикада қолданбасаң, ол сол кезге дейін өлі жүк болып жата береді.
Дерек. Менің көзімше, ТАҢДАУ мүмкіндігін уысына түсірген адамдар өз өмірлерін жетілген, бай етті. Алдымен олар өз ісінде үздіктер – чемпиондар болды. Тәжірибе жинақтау барысында олар сиқыршыларға, оқиғаларды алдын ала сезе алатын және кез келген қиындықтарды жеңе алатын Адамдарға айналды.
