Қазіргі таңда ақпаратты тарату, жаңалық бөлісу, пікір алмасу үшін ең ыңғайлы орын – блог-тұғырнама екені ешкімге құпия емес. Қазақ жастары да бұл істе ешкімнен кенде қалып жатқан жоқ. Шексіз ғаламтор кеңістігінде қазақ тілінің үнін естіртіп, әдебиет, мәдениет, өнер, тарих туралы жазып жүрген жастар жақында Алматыда бас қоспақ.
Қазіргі таңда блогы жоқ адам кем де кем. Блог – өз ойларыңызды жұртқа жеткізудің бірден бір жолы. Ал қазақ тіліндегі басылымдар саны да, оларды оқитындар да азайған қазіргі күндерде блог жүргізу – қоғам даусына үн қосудың бір болмаса да, бірегей тәсілі.
Қазақ интернетінің кешегісі мен бүгінгісі қандай? Болашағынан қандай үміт күтуге болады? Ғаламтордағы қазақша контент қандай тұғырнамаға негізделген? Қандай техникалық мүмкіндіктерді пайдаланады?
Қазақ тілді блогшылар кімдер? Олар не жайында жазады? Оларды не толғандырады? Блогшылардың тілі қандай? Үш тұғырлы тілге бет алған алмағайып заманда «қазақ тілді» интернет тілінің қазақилығы қай деңгейде? Шетелдердегі қандастарымыз қазнетке үн қоса алып жатыр ма?
Осы және өзге де сұрақтардың жауабын 19-20 наурыз күндері Алматыда өтетін блог-құрылтай береді. » қазақ тілді интернет тарихындағы елеулі оқиға болғалы тұрған құрылтайдан қалыс қалмайды!
