Шекарашыларға «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобасы таныстырылды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің «Жағалау-Күзеті» өңірлік басқармасының және оған қарасты әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шара болып өтті.

Шара барысында аумақтық департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Нариман Айтжанов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жауапкершіліктері және ауыр зардаптары туралы айтып түсіндірді.

Сонымен бірге, Агенттікпен және оның аумақтық департаменттерімен сыбайлас жемқорлықты төмендету мақсатында қолға алынып жатқан «Маңғыстау -адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ», «Адал жол», «Бизнес пен инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобалары мен олардың мақсаттары таныстырылды.

Жиын соңында қатысушылардың сұрақтарына тиісті жауаптар беріліп, оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетілді.
