Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шаруаларды толғандырған мәселелер шешімін табады

«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер Қалыйма Жантөреева, Кеңес Әуен, Жанат Тоғайбекова, Баймахан Сүлейменов, Насиба Атаев, Мұрат Садуов, Марина Лимаренко, Данияр Юнусалиев Кентаулық шаруалармен кездесті. Партияның қалалық филиалында өткен жиында үміткерлер сайлауалды бағдарламаны кеңінен түсіндірді.

Үміткер Баймахан Сүлейменов бір мезгілді үйіргелік жерден екі-үш өнім алуға болатындығын түсіндірді. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы айқын басымдықтарды айтып өтті.

--- Бүгінде кәсіппен айналысамын деген жандарға үлкен мүмкіндіктер бар. Алдағы уақытта бұл мәселелерді жетілдіріп, жаңа бағытта жұмыс істеу тәсілін қолға алып отырмыз. Партия бағдарламасында шаруаларға, қала тұрғындарына, өндірістің өркендеуіне, экономикалық жағдайымызды өсіруімізге, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына дұрыс бағдар берілген. Алдағы 10 қаңтар күні өтетін сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіздер – деді Баймахан Тоймаханұлы.

Сондай-ақ, жиында инфрақұрылым жүргізілмегендіктен жер бөру ісі кешеуілдетіліп жатқаны және интернет желісінің нашарлығынан балалардың қашықтықтан білім алу барысында қиындықтар туып жатқандығы айтылды.

--- Бүгін шаруалардың мәселелері көтерілді. Тұрғын үй мен жер алу мәселелері айтылды. Қалада 2025 жылға дейін 3600 пәтер беріледі. 1500 адамға тұрғын үй салу мақсатында жер беріледі. Су қоймаларын республикалық меншікке алу мәселелері мен оларды жөндеуден өткізу жайына ықпал етеміз. Бұлда шаруалар үшін өте тиімді болмақ. – дейді үміткер Қалыйма Жантөреқызы.

Жиынға қатысқан Хабибулла Мұстафаев Жүйнек ауылдық окруігне қарасты, Шекербұлақ ауылынан келген. Кездесуде шаруалар атынан қойған сұрақтарына кең көлемде жауап алған ол, «Nur Otan» партиясының бағдарламасы көңілден шыққандығын жеткізді.

- «Nur Otan» партиясына үлкен сенім артамыз. Сенім білдірдеміз. Қолдаймыз. Сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс береміз – деді ол.

0
0
637

Осы тақырып бойынша