Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шаруа қожалығы өкілдерімен кездесу

Шаруа қожалығы өкілдерімен кездесу

Ауыл шаруашылығы саласында Райымбек ауданы алдыңғы қатардағылардың аудандырдың бірі болып табылады. Халқымыз әу бастан мал баққан, сол арқылы жан баққан. Әр күнін «Мал-жан аман ба?» деп амандасудан бастаған. Дала төсінде мал өргізіп, төл алған, ата мұрасын кәсіп етіп жандандырып отырған ауыл азаматтарымен кездесуге, Райымбек аудандық маслихат депутаттығын үміткерлер арнайы ат басын бұрып ұсыныс тілектерін біліп қайтты.Осы орайда, шаруа қожалықтармен жұмысы жайлы пікір алмасып, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Кандидаттар шара барысында ауыл шаруашылығы өңірдің экономикасының дамуына үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылық саласында көзделген бағыттарды атап өтіп, негізгі атқарар жұмыстар жайлы ақпараттандырды. Шаруа қожалық ұжымы үміткерлерімізге сәттілігін тілеп, өз қолдауын білдірді.

0
0
106

Осы тақырып бойынша

Шаруа қожалығы өкілдерімен кездесу - Yvision.kz