Шаруа қожалығы
Ерейментау ауданы бойынша қарқынды дамып келе жатқан шаруа қожалықтарының бірі «Хамзе»ШҚ ,басшысы Биекенов Ержан Хамитұлы. Ауылшаруашылық саласында егін алқаптарының иегірілуіне,мал басының өсіп өнуіне еңбектеніп жүрген, сонымен қатар ауданның әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларына демеушілік танытып көмек көрсететін ірі шаруашылық. Шаруа қожалықтың басшысы Биекенов Е.Х. Ерейментау аудандық маслихат депутаты,аудандық партия филиалының саяси кеңесінің мүшесі. «Новомарковка» орта мектебінің қамқорлық кеңесінің төр ағасы. Ауданымыздың білім бөлімімен бірлесе мектеп жанынан «Жас фермер»атты жас буынды шаруашылыққа бейімдейтін клуб жұмысына қол үшін беріп болашақ шаруа қожалық иелері мен жас агрономдарды тәрбиелеуде. Ауылдың тұрмыс тіршілігіне араласып, ауданның саяси әлеуметтік бағытына еңбек етіп жүрген азамат.
