Шартты белгілермен оқу
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман халық!
Қазақ тілі - әуезді тіл. Оның әуенге жақындығын ғалымдар мойындағаны қашан. Бұл әсіресе оның поэзиясында қатты байқалады. Сезім тебірентер өлеңдердің соншалықты керемет әсер беретін қасиеті мүмкін дәл осы әуезділікке келіп тірелетін шығар... Жанымызды ерекше күйге бөлейтін музыка секілді өлеңнің де бізді басқа әлемге апаратын құдіреті бар.
Тыңдаушыға әсер ететін фактор тек өлең емес, оны оқитын адам екенін ұмыипайық. Біреулер өлеңді судыратып оқып шығады, біреулер эмоцианалды оқиды, біреулер әр сөзден соң кідіріп оқыды,біреулер...... мәнерлеп оқиды. Осы сөзді мектеп қабырғасынан естіп, онымен таныс болсақ та, оны бәрінің ұғымындағы бір сөзбен айтып түсіндіре алмаспыз. Әркімнің түсінігінде ол әрқалай. Жоғарыда айтылғандардың барлығы да өлеңді мәнерлеп оқимыз деп есептейді. Бірақ мәнерлеп оқу дегеніміздің өзі не? Ол да бір заңдылыққа бағынары даусыз.
Біз тармақ ішіндегі бунаққа мүлдем көңіл бөлмейміз. Ал бунаққа дұрыс бөлініп, әр бунақта кідіріс жасасақ, өлеңге мүлдем өзге шырай енеді. Мұны біз мектепте меңгерсек те, тәжірибеде қолданбаймыз және оны бізден талап та етпейді. Сонда өлең мәнері жайлы пікірлердің бірізді болмағанына кім кінәлі?
Мәнерлеп оқу сайыстарында әділқазылардың қандай қағидаға сүйенетіні тағы да белгісіз.
Біздің ойымызша, мәнерлеп оқу пунктуациялық белгілердің тек қағазда ғана емес, сөйлеуде де өз қызметін атқаруы, дауыс ырғағының өз орнымен көтерілуі не түсуі, қарқынның жылдамдауы не баяулауы, фонетикалық заңдылықтардың, орфоэпиялық нормалардың және тағы да сол секілді біршама задардың сақталуы.
Мына төменде ұсынылып отырған өлең жолдарын біз тиісті шартты белгілер арқылы дыбысталу жағынан да, екпін түсу тұрғысынан да жүйеге келтіріп көрдік. Сіз мүмкін өлеңді дәл осылай оқыр едіңіз, мүмкін басқаша оқыр едіңіз. Енді оны сол қалпында оқып көргенде нендей құбылыс байқағандарыңызды, жалпы бұл жайлы ой-пікірлеріңізбен бөлісулеріңізді сұранамыз
Жазылуы:
Мен кім?
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген,
Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?
Мағжан Жұмабаев
Айтылуы:

Жазылуы:
Бақыт геометриясы
«БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене
Мен шықпаған заңғар шың ба,мен мінбеген кеме ме?»
Бәлкім Бақыт байлық па екен сараңдықтан бас алған,
Жомарттығы өзгелердің ырысынан жасалған.
Талайларға байлық жинау болса дағы бас арман,
Кейде Бақыт байларға да қолын бермей қасарған.
Мұхтар Шаханов

Дәл осыны жаңылтпаштарға қолданып көрсек, айтуға қиын жаңылтпаштардың өзі жеңілдейтін тәрізді.Жалпы бұл шартты белгілер мәнерлі оқуды ғана емес, дұрыс айтуды да қамтамасыз етеді. Бұл жаңылпаштарды тез және оңай жаттаудың әдәсі болатын сияқты.
Жазылуы:
Атам:
“Балама ат аламын”, - дейді
Апам:
“Балама ала мата аламын”, - дейді.
Атасы ат ала ма?
Апасы ала мата ала ма?

Жазылуы:
Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар .
Қырық арқарда ақ арқар бар,
Алты арқарда марқа арқар бар.
Айтылуы:
Не удалось загрузить изображение
Мұндағы шартты белгілердің түсіндірмесі мынадай болып келеді:

Біздің ойымызша, бұның, әсіресе, қазақ тілін енді үйреніп келе жатқандар үшін пайдасы мол. Егер мұндағы шарттар мен ережелерге сүйенсе, олар сөздерді ешбір қиындықсыз таза қазаша дыбыстар еді.
Және осындай тәсілді, яғни, шартты белгілер арқылы оқып үйренуді мектеп бағдарламасына енгізу жайлы ұсынысқа қалай қарайсыз?
Ал, сіз қалай ойлайсыз?
