Шардаралықтарға полиция жақтан азаптау жасауда
Шардаралықтар әділдік үшін Астана көпірлерін жауып тастауға дайын
Қыркүйектің 18-інде маған елге танымал құқық қорғаушы Талас Сағымбаев хабарласты. "Мәке, кел, Шардарадан кісілер келді, туыстарын түрмеде азаптап жатыр", - деді.
Сөйтсем, Оңтүстік Қазақстан облысынан 4 кісі келді: Ахметова Гүлназ, Ахметжанова Баршагүл, Жасыбаева Жарқынай, Сейдаева Ұлбосын. Біреудің анасы, біреудің зайыбы. Түрмеде отырған жақындары туралы былай айтады.
2013 жылы Жаңа Жылдың қарсанында жергілікті Халық банкінен біреулер 62 миллион теңге ақша ұрлаған. Сөйтіп, 3 айдан кейін полиция 8 наурыз күні осы банктің 6 қызметкерін ұстап, Сарыағаш ауданының ар жағында орналасқан Қазығұрт аудандық полицияға апарып, жертөледе 3 күн бойы ұстап, ұрып-соғып, кінәларын мойындатты. 25 күн бойы туыстарына хабар берілген жоқ.
Изоляторда отырған М.Ахметов, Е.Минайдаров, А.Жарбаев, Е.Касимов, М.Алимжанов, М.Дауланов полиция жақтан қысым жасалғаны туралы прокурорға жазған.
Тәуелсіз комиссия дене жарақаттарын байқады
Облыстық қоғамдық бақылау комиссиясы да келіп, тексертіп, ұсталғандардың денелерінде жарақат бар екенін растайды. Комиссия төрайымы Р.Хобдабергенова мен комиссия мүшесі В.Скрябина тергеу изоляторға кірген.
Құқық қорғаушылар ұсталғкндардан келесі түсініктерді алды.
Банктің күзетшісі Жарбаев Асанның үш тісін сындырды, ұрды, тамақтандырмады, укол қоямыз деп қорқытты, басына қап пен целлофандық пакет кигізген. Азаптаудан шыдай алмай, Жарбаев қалған 5 кісінің атын атап, құжаттарға қолын қойды.
Ұсталғандардың бәрінде 1,5 жыл өтсе де, қолдарында кісеннің іздері қалды. Дауланов Мұратттың сол қолының бармағы әрең қозғалады. Ахметов Мұхтар қатты соққыдан кейін құлағы жаман еститін болды. Әлімжанов Мұстафағс тамырына белгісіз укол салынды. Ұсталғандарды 4 күн тамақтандырған жоқ, противогаз кигізген, резеңке таяқпен ұрды. Туыстарының жазасын тарттырамыз деп қорқытты. Резеңке таяқты мақсатына сайемес қолданылады деп қорқытты.
Күдіктілердің азаптау туралы түсініктері
Касимов Е. сот-медициналық сараптама қорытындысымен келіспейді. Одан бөлек Е.Минайдаров, М.Әлімжанов, М.Дауланов дене жарақатын өз көзімен көрді. (Қылмыстық істің19 томының 5 беті).
Минайдаров Е. Сараптама қорытындысымен келіспейді. Қазығұрт полиция бөлімінің түрмесінде жатқан кезінде дене жарақаттары болған, бірақ оны сот сарапшы маманы келіп тексерген жоқ (19 том – 16, 19 беттер). Полиция қызметкерлері ұрып, соғып қорқыту арқылы жауап алған. (19 - 24).
Алимжанов М. сот медсараптамасымен келіспейді. 10.06.2014 ж. сарапшы оны куәландырған жоқ, ол кезде оның дене жарақаттары болған. (19 - 29)
Дауланов М. сот-медициналық сараптама қорытындысымен келіспейді. Дене жарақаттары болған. Ол дене жарақаттары тергеу барысында полиция қызметкерінің ұрып соғуынан және айыбын мойындату мақсатында алған жарақаттар (19 – 36).
Ахметов М. қорғаушы Б.Ашировты заңсыз кабинеттен шағырып жіберіп қатыстырмай, тергеушінің айтқанын орындайтын қорғаушыны қатыстырып, конституциялық құқығының бұзылғанын көрсетті. Қинау, психологиялық қысым көрсетіп, ОҚО ІІД тергеу амалдарын жүргізді деп жазды (19 – 51).
Азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс ашылды
ОҚО ІІД бастығы А.Оспановқа, ОҚО прокуроры И.Ә.Имановқа айыпталушы М.Ахметов атынан 14.06.2014 жылы шеттету жіберілген болатын. Ол құжатта келесі ақпарат көрсетілген.
18.12.2013 жылы №189 санды ОҚО ІІД бастығының бұйрығымен қылмыстық іс бойынша тергеу тобы құрылған, ОҚО ІІД аға тергеушісі полиция капитаны Б.Сыдықов топтың жетекшісі болып тағайындалған, топтың құрамына Шардара АІІБ аға тергеушісі полиция капитаны М.Қалмұратов енген.
Осы тергеу тобы тарапынан қинау және тағы басқа заңсыз тергеу амалдарын қолдану фактілері анықталып, 22.04.2014 жылы ҚР ҚҚ 141 бабы 2 бөлігі «а» тармағымен №1451400100001 санды қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда бұл қылмыстық іс бойынша облыстық прокуратура органымен тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы жағдайларға байланысты 24.04.2014 жылы №172 санды ОҚО ІІД бастығының бұйрығымен қайта тергеу тобы құрылған, топтың жетекшісі болып ОҚО ІІД аса маңызды істер жайлы аға тергеушісі полиция одполковнигі Б.Елмурзаев тағайындалған. Алайда тергеу тобының мүшесі болып жоғарыда аталған тергеушілер Б.Сыдықов пен М.Қалмуратов қайта енген.
Б.Сыдықов пен М.Қалмұратовты тергеуден шеттету, жаңа тергеу тобын құру сұралған болатын.
Алайда 17 маусым 2014 ж. тергеу тобының жаңа бастшысы шеттетуден бас тартты. Тергеушілер Б.Сыдықов пен М.Қалмуратов қылмыстық іс бойынша сезікті немесе айыпталушы болып танылмаған. Оларды тергеу тобынан шеттетуге негіз жоқ деп жауап берді Елмұрзаев.
Азапталу туралы анықтама болса да, «азаптаушулар» іс әлі тергеп жатыр
Азаптау фактісіне байланысты айыпталушы Минайдаров Ержан Шардарбекұлының қоғамдық қорғаушысы Шатырбаев Шардарбек Минайдрович және адвокат А.Сарыбаевтан тергеу тобының жетекшісі Елмұрзаевқа талап-тілек те жіберілген болатын.
Е.Ш.Минайдаровты қамауға санкциялауға дейін ол Қазығұрт АІІБ жертөлесінде үш күн ұсталып, жауап алынған. Сол кезде полиция қызметкерлері оған заңмен қарастырылмаған тәсілдер қолданып, ұрып соғып, басына пакет кигізіп тұншықтырып, дене жарақаттарын салып, оң қолының күре тамырына укол салып, есінен тандырып, бірнеше сағаттан соң есіне келгенде не істеп не қойғанын білместен сандырақтап қалғанын, мойындатып жауап беруге мәжбүр еткендігі жөнінде сот санкция бергенде мәлімдеген.
Оның мәлімдемесіне дәлел ретінде ОҚО ІІД Шымкент қалалық ІІБ УҰИ-да12.03.2014 ж. Қабылдаған уақыттағыкезекші фельдшердің анықтамасында көрсетілген дене жарақаттары табылған: мойнында, екі қол білегінде, оң қол шынтақ айналысында, сол жақ кіндік жанында, оң жақ жамбасында, оң аяқ санында көгерген жарақаттары бар екені анықталды. Бұл құжатты қылмыстық істің 19 томының 159 бетінде көруге болады.
Нақты дәлел болса да 20.08.2014 жылы ОҚО ІІД ТБ АМІЖ аға тергеушісі Б. Елмурзаев келесі қаулы шығарады:
«Ұжымдық шағымда ұлдарын ұрып соғып, қысым жасаған ОҚО ІІД қызметкерлері Қ.Досанов , М.Қосмамбетов, Д.Жандарбеков, И.Ахмедов, Т.Қабышев, Н.Татаев, ТБ бастығы Н.Дауылбаев, тергеуші Садықовтарды және басқаларды тергеуге қарсылық әрекетінің болдырмау мақсатында оларды уақытша қызмет бабынан шеттетуді талап еткен.
22.04.2014 жылы Қазығұрт аудандық прокуратурасымен Е.Минайдаров, М.Әлімжанов пен басқаларды ұрып соғу жәйті бойынша ҚР ҚК 141-1 бабы 2 бөлігі «а» тармағымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргіизуде. Көрсетілген қылмытық іспен аталған қызметкерлерге айып тағылмағанын, олар қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде өтпейтінін ескере отырып, оларды қызметінен шеттетуге негіз жоқ». (20 том 152 бет.)
"Нұр Отан" Шардараға комиссия жіберуге уәде берді
Жоғарыда көрсетілген фактілер болса да, әділдік іздеген кісілер тергеуші мен прокурорлардың жауаптырына қанағат болмады. Олар Шардара көпірін екі сағатқа жуаып, автокөліктің қозғалысын тоқтап қояды. Екі сағаттан кейін Шардара ауданының әкімі облыстық әкім Мырзахметовке істің мәселесін жеткіземін деп уәде берген соң ғана халық көпірді ашты.
Алайда мәселе шешілмеген соң, түрмеде отырған кісілердің туыстары Астана аттанды.
Жоғарыда аталған Ахметова Гүлназ, Ахметжанова Баршагүл, Жасыбаева Жарқынай, Сейдаева Ұлбосын бірінші кезекте 19 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясынының қабылдауына жазылып, 19 қыркүйек күні Шардара делегациясын партияның орталық аппарат басшысының орынбасары Мәди Оспанов қабылдады. Бір сағаттан аса уақытты алған келіссөзден кейін Оспанов мырза Шардараға құрамында мәжіліс депутаты бар комиссия жіберілетінін мәлімдеді. Депутаттың тегі 26 қыркүйек күні кешке белгілі болады.
Партиялық офистың қасында шардаралықтар «Азаттық» радиосы және Ратель сайтына сұһбат берді.
Астанадағы шараларды журналистермен қоса полиция да бақылады
29 қыркүйек күні шардаралықтар қатысуымен бірнеше шара өтті.
Сағат 9.00-де шардаралықтардың мүддесін қорғайтын Талас Сағымбаев Елбасы атына ҚР Президенті Әкімшілігінің кеңсесіне хат тапсырады.
12.30-да Журналистер үйінің алдында тергеу үстіндегі азаматтардың туыстары брифинг өткізді.
13.00-де Талас Сағымбаев Ақорданың алдында ілініп тұрған жәшікке хат тапсырды.
15.00-де «Алма-Ата» іскерлік үйінің конференц залында баспасөз конференциясы өтті.
Аталған шараларға «Таң» мен 31 арналар, «Коммунист Казахстана» газетінің журналистері қатысты. Шараларды көптеген ОМОН, полиция, қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бақылап отырды. Полиция автобусы де дайын тұрды.
Шардаралықтарды босатпаса, Астана көпірлері жабылады
Шардаралықтар үйлеріне қайтты. Жергілікті билік 6 күдіктіні бостандыққа жібермесе, бір аптадан кейін әрқайсысынің 20 туысқаны Астанаға барып, 6 көпірдің бәрін жауып тастаймыз деп ескерттті.
Әлеуметтік дауды шешуден гөрі ондайды болдырмай, алдын алған дұрыс де Елбасы да, партиялар да қаншама рет айтқан.
Бір миллиондық қаланың көпірлерін жабуға халықтан жайдан жай бармайды. Тек өзінің құқығын басқаша қорғау амалдарын таба алмай, әділсіздіктен пен адалсыздықтан халық қана барады.
Ендеше, халықтың жағдайын ойлап, күдіктілерді азаптаған полицияның ісін адалдықпен шешейік, ағайын!
Махамбет АБЖАН






