Шардарада сайлауалды штаб өз жұмысын бастады
Бүгін Шардара ауданында «Nur Otan» партиясы филиалы жанынан құрылған сайлауалды штабы өз жұмысын бастады.
Филиал ғимаратында өткізілген жиында «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филалы төрағасының бірінші орынбасары, өңірлік сайлауалды штабының басшысы Ерғали Қарымсақов, штаб басшысының орынбасары Бауыржан Шомпиевтер штаб мүшелеріне алдағы жұмыстардың барысын егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.
Сонымен, шардаралықтар «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» ұраны аясында партияның 7 бағыттан тұратын аймақтық сайлауалды бағдарламасын елге насихаттау, түсіндіру бағытында жұмыс атқарады.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филалының баспасөз қызметі.
