Шамалған су шаруашылық колледжіндегі кездесу
Кездесуге "Ахыска" түрік этномәдени орталығының директоры Илимдар Камилов, аудандық мәслихат депутаты Меруерт Бигельдиева және Жастар ресурстық орталығының маманы Жарқынай Садуова қатысты. Колледж жастарымен өткен кездесуде мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылады.
