Шамалған су шаруашылық колледжінде өткен кездесу
Жолдауды насихаттау бойынша арнайы іс-шара жоспары әзірленіп, аудан бойынша насихаттау жұмыстары жүргізіле бастады. Жолдауды насихаттауға аудандық мәслихат депутаттары, Саяси кеңес мүшелері, Бастауыш партия ұйымының және партия филиалы жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағалары, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері және белсенді жастар ат салысуда. Аудандық мәслихат депутаттары Қаныбек Айтжанов және Даурен Төлеген Шамалған ауылында орналасқан Шамалған су шаруашылық колледжінде кездесу өткізді.
