Шалғайдағы мекендерде назардан тыс қалмай сайлау алды бағдарламамен танысуда
Қосшағыл селолық округінің мәдениет үйінде округ тұрғындарымен "Nur Otan" партиясының Жылыой ауданы бойынша депутаттығына үміткерлер Сайлаубай Таласов, Мұхтар Айтқұлов , Сәуле Тұрдығалиқызы Жылыой ауданының 5 жылдық сайлауалды бағдарламасын насихаттау бағытында түсінік жұмыстарын жүргізіп жиналыс өткізген. Қосшағыл село округі тұрғындары белсенді ат салысып, "Nur Otan" партиясын қолдайтындарын айтты. Әрине, ел болғасын мәселесіз болмайды. Біраз мәселелер көтеріліп, ауыл ақсақалдары пікірлерімен бөлісті.

