Шалғай ауылдарда жедел-жәрдем қызметінің қолжетімділігі артады
«Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер болып ұсынылған Хайрулла Қожабаев «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті.
Партия денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады.
Медициналық ұйым қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, тұрғындарды скринингтен уақтылы өткізуге, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, шалғай ауылдарда жедел жәрдем қызметін қолжетімді етуге ықпал етеді. Сондай-ақ, науқастарға қолданылатын дәрі-дәрмек қорын жасақтауға, тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отыруға, 19 өкпені жасанды желдету аппаратын алуға күш салады.
Бұл шаралар 2025 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 73,3 жасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Басқосуда үміткер сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар «Nur Otan» партиясының бағдарламасын қолдайтындығын жеткізді.
