«Шалқар» радиосы: Қазақстан жастарының EXPO 2017 көрмесіне қосар үлесі
"Шалқар" радиосының «Елім менің» бағдарламасында қонақта –ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының дизайнері, суретші Алмас Сырғабай.
Алмас Сырғабай суретші ретінде EXPO-ға өзінің көзқарасы жайлы жайлы:
"Ол еліміз үшін керемет үлкен, маңызы зор шара. Сондықтан осыдан үш ай бұрын EXPO-ның маскаты, яғни тұмары жөнінде кереметтей халықаралықа деңгейде үлкен конкурс жарияланған болатын. Өзім, ол жақсы деңгейде өтті деп ойлаймын. Әлемнің 80 елдерінен дизайнерлер қатысып, ішінде 7 шығарма іріктелініп алынды. Жетеуінің ішінде үздік болғаны біздің тас таңбаларымызда салынған бейне үздік деп танылып жоғарғы баға алды."

Алмас ағамыз айтқандай, маскот деген дүние, адам көргенде өзінің бейнесімен бүкіл ұлттың мәдениетін, болмысын, білімін көрсетіп тұрады.
"Менің ойымша, біздің кең даламызда кездесітн бал-бал тастарымыз осы маскот бола алады. Олар ұлттың мәдениетін, білімін көрсетіп тұратын дүние."

Басында қазақтың болмысын көрсететін маскот нұсқалары аз болатын. Қазақша нұсқаларды істей алатын дизайнерлер аз, бұл мамандар көбінесе қалалық адамдар, - деп бөліседі Алмас.
Сонымен Алмас ағамыздың ойынша, бұл таңдау мүмкіндігінше дұрыс.
"Осыған ұқсас таңба «Азия даусы» байқауында болды, бірақ одан көшірініп алынған деп ренжуге болмайды, өйткені ол халықаралық деңгейде өткен, Қазақстанды әлемге танытқан байқау болатын."
Ол шынымен әлемге таныс таңба. Күнді қоршайтын тоғыз домалақ – ол тоғыз планета.
"Мен өзім қарлығаш бейнесін көрсеткім келді. Қарлығаш қазақ халқында ерекше құс, адаммен бірге өмір сүреді. Ертегілерді алып қарасақ, қазақтың 40 елде көрсетілген мультфильмі – «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?». Бұл құс жылдам ұшады, өте сұлу, адамды маса және шыбын-шіркейден қорғайды.
Ал қанатын «қошқар мүйіз» ұлттық өрнегімен өңдедім, ол Аст ана қаласында Бәйтерек жаңындағы паркте көптеген жерде бейнеленгегн. Шетелдіктер соған таңғалады. Мен оны Астанаға бейімделіп салдым – біресе Ханшатырға барып қарадым, біресе Бәйтерекке барып қарадым."
Жалпы EXPO көрмесінің маскоты болу үшін көптеген добалар сайысты. Әділ қазылар олардың ішінен ең жақсыларын іріктер алды. Кейін ең мықты 7 жобаға халықтық жалпы дауыс беру жарияланған болатын. Нәтижесінде, 3705 дауыспен "Тәңірі мен Бөрі" дуэты жеңіп шықты.


"EXPO өте маңызды жоба. Жарнамасы дұрыс өту керек", - дейді Алмас мырза.
