Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шағын және орта кәсіпкерлер көбейеді

«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Гүлдариға Жұмагелдиева мен Ұлбала Мұсаханова экспормт іс-шарасы аясында сауда орындары мен базарларда насихат жұмыстарын жүргізді.

«Nur Otan» партиясы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 30-дан аса азаматты өз кәсібін ашу үшін оқытуға, жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен бизнесін жаңадан бастаушы 10 азаматқа грант ұсынуға, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 20-ға жуық азаматтарға стартап гранттар мен несие алуына жағдай жасауға, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жаңа жобаларды несиелендіруге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай шағын және орта кәсіпкерлер саны 8,8 мыңға көтеріліп, ондағы жұмыскерлер саны 13,9 мыңға жетеді.

0
0
120

Осы тақырып бойынша

Шағын және орта кәсіпкерлер көбейеді - Yvision.kz