Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шағын және орта бизнес үшін берілген жеңілдік мерзімі ұзартылды

2020 жылғы 30 қазандағы № 721 қаулыға сәйкес шағын және орта бизнес үшін берілген жеңілдік мерзімі 2020 жылғы 1 қазаннан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды.

«Шағын және орта бизнес қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) пакетінен медициналық көмек алу үшін олардың жұмыс берушілері 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін Қорға жалдамалы қызметкерлері туралы ақпаратты беруі тиіс» - деп түсіндірді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Ғалымжан Абилов.

Жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің тізімін ай сайын әрбір айдың 25-нен кешіктірмей электронды форматта ұсынуы тиіс. Бұл үшін, олар Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында https://msb.fms.kz/login сілтеме бойынша өтуі және тізімдегі БСН бойынша өз ұйымын табуы (осы тізімде БСН болмаған жағдайда ұйымды тіркеу мүмкін емес) тиіс. Бұдан кейін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы заңды тұлға немесе ЖК тіркелу және Қордың ақпараттық жүйесіне кіру және пайдаланушылық келісімге қол қою қажет. Одан әрі МӘМС төлеуден босатылған қызметкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірі қосылады – бұл Excel бір файлымен де, әр қызметкерге жеке-жеке жолма жол жасалуы да мүмкін. Кейіннен деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ, тек осы деректерді өзектендіру қажет болады.

«Шағын және орта бизнес үшін жеңілдік кезеңін ұзарту – бұл шағын және орта бизнес кәсіпорындарды қолдау шарасы болып табылады. Яғни, бұл кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақысынан салық пен аударымдар ұсталмайды, бұл ретте олар медициналық сақтандыру пакетіне толық қол жеткізе алады. Егер де жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің тізімі уақытында жаңартылып отырмаса, онда олардың МӘМС жүйесінде сақтандырылмай қалуы мүмкін» - деп атап өтті Ғалымжан Абилов.

Шағын және орта бизнес 29 санатының толық тізімімен Үкіметтің № 224 «Салық салу мәселелері бойынша экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» қаулысында танысуға болады.

1
0
270

Осы тақырып бойынша

Шағын және орта бизнес үшін берілген жеңілдік мерзімі ұзартылды - Yvision.kz