Шағын және орта бизнес - қоғамның тұрақты дамуының негізі
7.01.2021ж. Шағын және орта бизнес - қоғамның тұрақты дамуының негізі
«Nur Otan» партиясының бүгінгі таңда қойып отырған міндеттерінің бірі-шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Әсіресе, жеке меншіктің нақты өмірге жүзеге асуы және орта таптың қалыптасуының мемлекетімізде артқан сайын еліміз көркейіп, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады. Сонымен бірге, шағын және орта кәсіпкерлік–экономиканың тиімді әрі нәтижелі секторы. Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыссыздықты жоюда, нарыққа қажетті тауарларды жеткізуде, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және экономиканы тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады.
Кездесу барысында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мадияр Байжанов және аудандық сайлауалды штаб мүшелері Партияның сайлауалды бағдарламасымен жете таныстырып, алдағы уақытта да «Nur Otan» партиясы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында көптеген нақты жоспарлар жасақтағанын атап өттім.
