Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шаһарымызда көптен күткен маңызды қадам - Желтоқсандықтарға арналған саябақ ашылды.

#Repost @stanislav_kankurov ・・・ Құрметті достар! «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың @sagintayev.b шешімімен шаһарымызда көптен күткен маңызды қадам - Желтоқсандықтарға арналған саябақ ашылды. Тәуелсіздік күні қарсаңында бүгінгі саябақтың ашылуы «Nur Otan» партиясының және алматылықтардың бірнеше мәрте ұсыныстарының нәтижесінде жүзеге асып отыр. Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі. Ал Тәуелсіздік пен Желтоқсан егіз ұғымға айналған. Себебі Желтоқсандықтар халқымыздың егемендікке деген ерік-жігерін, егеменді ел болуға деген талпынысын айқын көрсетті. Бұл ретте біздің ұсынысымыз бен қала әкімдігінің қолдауымен барлық желтоқсандықтарға тегін скрининг өткізуді жоспарлап отырмыз. Тәуелсіздікке қол жеткізуде сіңірген желтоқсандықтардың еңбектерін жоғары бағалаймыз және құрметтейміз.

0
0
207

Осы тақырып бойынша

Шаһарымызда көптен күткен маңызды қадам - Желтоқсандықтарға арналған саябақ ашылды. - Yvision.kz