Шаған полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті.
2020 жылдың 7 қазан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімен Орал қаласының Полиция басқармасы Шаған полиция бөлімінің қызметкерлерімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушыларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбы талқыланды.
Кездесуде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтары бойынша кейбір заңдылық актілеріне жаңадан енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.
Заң сотқа дейінгі тергеу немесе жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы лауазымды тұлғалардың араңдатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілікті орнату туралы Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған. Жаңа өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызметкерге және оның отбасы мүшелеріне сыйлық алуға заңменен толықтай тыйым салынған.
Заңға сәйкесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптары квазимемлекеттік секторлар нысанына тарайды, атап айтқанда мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын сатып алу және жобаларды жүзеге асыруда басты шешім қабылдайтын тұлғаларға жауапкершілік енгізілді.
Сондай-ақ, Заңмен, туыстардың бір мекемеде бірге жұмыс істеуі, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы хабардар ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне тұрғын үй төлемі, квазимемлекеттік секторлар нысанында комплеанс-қызмет құру және басқа да сұрақтарын реттеу нормасы қарастырылған.
Кездесу барысында Б.М.Хайруллин бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
