Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ШҚО мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының отырысы өтті

Онда депутаттық фракцияның жетекшісі Сүлейменов Қуаныш Серікқазыұлы 2021 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Бүгінде облыстық мәслихаттың депутаттық корпусына партияның 32 өкілі кіріп отыр. Олар партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша бекітілген Жол картасының іске асырылуына жауапты. Фракцияның әр депутаты өзіне тиесілі индикатордың орындалуына бақылауға тікелей жауапты. Жарты жылда депутаттық фракцияның 2 отырысы өтті. Жол картасының нақты индикаторлары бойынша атқарылған жұмыстар жайлы есеп тыңдалды.

Сондай-ақ, жарты жылда облыстық мәслихаттың 4 сессиясы өтіп, оның үшеуінде бюджет қаржысын үйлестіруге қатысты жоспарлы және жоспардан тыс мәселелер қаралды.

Есеп беру мерзімінде депутаттық фракцияның барлық өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында облысымыздың белді-беделді тұлғаларымен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен канвассинг кездесулер өткізді. Халық қалаулылары «Депутатқа сауал қой» хэштегімен әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізіп, халықты Жол картасының іске асырылу барысымен таныстырды.

Сөйтіп, жыл басынан әлеуметтік желіде 10 мыңнан аса оқырман қамтылған 27 тікелей эфир өткізілді. Сонымен қатар облыстық мәслихаттың барлық 32 депутаты Республикалық саяси менеджмент мектебі өткізген семинар-тренингтерге қатысты.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап, партия депутаттарының қызметін бағалаудың электрондық жүйесі іске қосылмақ. Бұл халық қалаулыларының қаншалықты белсенді екендіктерін ашық көрсететін болады.

0
0
179

Осы тақырып бойынша

ШҚО мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының отырысы өтті - Yvision.kz