ШҚО-да жастар ауыл халқына семинар өткізді
Ағымдағы жылдың шілде айында «Digital Village – 2021» тақырыбында ШҚО Қызыл-кесік ауылдық округінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар Қауымдастығы» ЗТБ қолдауымен өңірлік бастамашы жастардың ұйымдастыруымен ауыл халқына семинарлар өткізілді.
Шараның басты мақсаты цифрлы ауыл құру арқылы ауыл тұрғындарының ХҚКО (халыққа қызмет көрсету орталығын) қамтамасыз ету, ауыл халқының eGov.kz сайтын өздігінен меңгеруіне жағдай жасау, заман ағымына сәйкес ауыл халқын цифрлы ортасын құру, халық арасында цифрлы қолтаңба арқылы қызмет сапасын тез әрі жүйелі алуды ұйымдастыру.
Ауыл әкімшілігімен келіссөздер жүргізіліп халыққа қызмет етудің қолайлы жағдайы туралы отырыс өткізіліп, ауыл халқына арнайы үнпарақтар таратылды.

Шара барысында ауыл халқы сұрақтарына жауап алып, қызметтердің түрлерімен және оның жұмыс жасалу қызметімен танысты.
Ауыл тұрғыны Турганбаева Балнур – қазіргі қоғамда цифрлы білімнің қажеттілігінің маңызы зор. Себебі, ауыл халқына аудан орталықтарына бармай-ақ интернет желісі арқылы қызмет алудың ерекшелігі бар – деді.
Бұл жасалынып отырған шаралар ауыл халқының цифрлы әлеуетінің жоғары болуы үшін және ары қарайда жұмыс ауыл халқы үшін жүргізілетін болады – деді ұйымдастырушылар.
