ШҚО –да сайлауалды бағдарламаның орындалуын қадағалайтын 12 қоғамдық кеңестің құрамы бектілді
Партия Лидерінің алға қойған міндеттерін ескере отырып, ең алдымен партияның сайлауалды уәделерінің орындалуына жүйелі бақылау, бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына монинторинг жасауды қамтамасыз етеді.
-Кеңестердің міндетіне сайлау алды бағдарламада берілген уәделердің нақты уақытылы орындалуын қадағалау кіреді. Кеңестердің жұмысы қоғамдық пікірді ескеріп, сондай-ақ партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтардан түскен өтініштерге жасалған талдауға негізделе отырып, жария түрде жүргізіледі», – деді партияның облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов.
«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңесінің бюросында өңірлік Қоғамдық кеңестер төрағаларының кандидатуралары мен құрамы бекітілді.
1. Өңірлік партиялық бақылау комиссиясының төрағасы болып Төлеген Мұхтар Әділбекұлы тағайындалды.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Тумашинов Лұқбек Шабданұлы тағайындалды.
3. Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің төрағасы болып тағайындалды - Актанжанова Жұлдыз Сейткумаровна.
4. Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі өңірлік кеңестің төрағасы болып Сомов Дмитрий Олегович тағайындалды.
5. Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі өңірлік кеңестің төрағасы болып Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы тағайындалды.
6. Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің төрағасы болып Попов Сергей Александрович тағайындалды.
7. Аграрлық секторды дамыту жөніндегі өңірлік кеңестің төрағасы болып Цыбенко Людмила Петровна тағайындалды.
8. Жастарды қолдау жөніндегі өңірлік кеңестің төрайымы болып Ахметова Альбина Харисовна тағайындалды.
9. Аймақтық қоғамдық экологиялық кеңестің төрағасы болып Чернышова Татьяна Владимировна тағайындалды.
10. Өңірлік даму жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Әзекенов Тұрарбек Анарбекұлы тағайындалды. ..
11. "MIRAS" Өңірлік кеңесінің төрайымы болып тағайындалды - Байжанова Айгүл Оралғазықызы
12. Сергей Викторович Коротин экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің төрағасы болып тағайындалды.
Аталған кеңестердің құрамына депутаттар мен партияның белсенді мүшелерінен басқа үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, талдаушылар, жалпы қоғамдық пікір көшбасшылары кірді. Сонымен қатар Саяси кеңес Бюросының отырысында бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарын өткізу кестесі және партия филиалдарының есеп беру-сайлау конференцияларын өткізу кестесі бекітілді. Оларды өткізу кезінде саяси кеңес пен оның Бюросының, бақылау-тексеру комиссиясының және бастауыш партия ұйымдары бюросының құрамдары партия филиалдарының сайланбалы органдарының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қайта сайланатын болады.
