ШҚО-да онлайн көрме өтті
Шығыс Қазақстан облысы Катон-қарағай ауданы Кіші нарын кітапханасында Алаш қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған онлайн көрме өтті.
Көрмеге Әлихан Бөкейхановтың еңбектері қойылды. Онлайн форматта өткен көрме барысында кітапхана қызметкері З.М. Бектурганова көрермендерге көрменің мәнімен мазмұнын түсіндіріп өтті.
«Көп қырлы талант иесі Әлихан Бөкейхановтың жазба мұралары аз емес, алайда солардың ішінде, біздің назарымызды ерекше аударған бір шоғыры қанатты сөздері деп айтуға болады. Ұлттың қамын ойлап, басын бәйгеге тігіп күрескен азаматтың әр кездері, әр жылдары айтқан қанатты қағидаттарының да бүгінгі жас ұрпақ үшін, тәуелсіз қазақ елі үшін берер ғибраты мол деп ойлаймыз» дейді шараны ұйымдастырушылар.
