ШҚО –да «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы басқармалардың есебін тыңдады.
ШҚО –да «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы басқармалардың есебін тыңдады 24 тамыз күні «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында онлайн және офлайн режимде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Жиын барысында сайлауалды бағдарламалардың орындалуы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық Білім, Денсаулық сақтау, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының есебі тыңдалды. «Nur Otan» партиясының 1 облыстық 4 қалалық және 15 аудандық сайлауалды бағдарламлардың орындалуы бойынша жүйелі мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін облыс бойынша 167 Қоғамдық кеңес құрылды, оның ішінде 12-аймақтық және 155-аумақтық деңгейлерде. Қоғамдық кеңестің отырыстарында 585 мәселе қаралды, 1158-ден астам ұсынымдар берілді, партияның аймақтық және аумақтық сайлауалды бағдарламаларын орындау бойынша Жол карталарының тармақтары бойынша 242 мәселе қаралды – деді жиын барысында фракция жетекшісі Қ.С.Сүлейменов. Басқарма есебін тыңдаған фракция мүшелері сайлауалды бағдарламаларда көрсетілген нақты тапсырмалардың уақытылы орындалуын қадағалауды ескерте отырып кейбір кемшіл тұстары бойынша ұсыныстарын айтты.
