Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ШҚО-да инвестициялар тарту бойыншы жоспар 92 пайызға орындалған

Жиынның күн тәртібінде Шығыс Қазақстан облысына инвестициялар тарту жөніндегі 2021 жылғы облыстық іс-шаралар жоспарын орындау қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттер туралы және Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың "Азық-түлік қорларын қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуіне жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер қаралды.

«Шығыс Қазақстан облысына инвестициялар тарту жөніндегі 2021 жылға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына 5 негізгі тармақ бойынша 23 іс-шара енгізілді. ҚР Премьер-Министрімен жасалған меморандумға сәйкес ШҚО негізгі капиталына инвестициялардың мақсатты көлемі 2021 жылы 888,0 млрд.теңге деңгейінде анықталды. Статистикалық деректерге сәйкес 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда инвестициялар көлемі 817,5 млрд.теңгені құрады, НКИ – 107,3% (2020 жылғы қаңтар-желтоқсан – 729,1 млрд. теңге). Жылдық жоспар 92,1% орындалды». – деп атап өтті Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұстафин Ернар Рысқалиұлы.

Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында облыс бойынша нақты шаралар қабылдануда. Атап айтқанда 19 азық-түлік тауарларына шекті мәндегі бағалар бекітілген. Облыста баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік Комиссия жұмыс істейді. Комиссия жұмысы басталғаннан бері 25 отырыс өткізілген.

2 283 көтерме сатушылармен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және сауда объектілерімен ең төменгі 7% сауда үстемесін қолдану туралы меморандумдар жасаған. Облыс бойынша 32 әлеуметтік дүкен және 417 әлеуметтік бұрыш жұмыс істейді, онда негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары ең төменгі сауда үстемесін қолданумен сатылады.

«Халықтың қолжетімділігін арттыру және барынша қамту мақсатында, жеміс-көкөніс өнімдерін өткізу нүктелерін ұлғайту үшін сауда объектілерімен өнімді өткізу туралы меморандумдар жасасу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні Семей қаласы бойынша 19 Меморандум, Өскемен қаласы бойынша 26 меморандум жасалды. Қазіргі уақытта Өскемен қаласы бойынша 19 жеке павильон орналастырылды, жақын арада 4 павильон іске қосылады. Семей қаласы бойынша 10 павильон жұмыс істейді, қосымша 9 павильон іске қосылады»- деді – «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма Төрайымы Рахимжанова Тамара Анатольевна.

0
0
277

Осы тақырып бойынша

ШҚО-да инвестициялар тарту бойыншы жоспар 92 пайызға орындалған - Yvision.kz