Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ШҚО-да үгіт-насихат материалдарын тарату үшін 292 белсенді топ құрылды

2020 жылдың 10-19 желтоқсаны аралығында облыста 193 634 үгіт-насихат материалы түскен. Оның ішінде А3 форматындағы плакаттар - 49974 дана, А4 форматтағы плакаттар - 49974 дана, А5 форматындағы флайерлер - 62467 дана, A6 форматындағы стикерлер – 31219 дананы құрап отыр.

20 желтоқсандағы жағдай бойынша «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері «Есіктен есікке дейін» акциясы аясында 11190 пәтерді, 11477 жер үйді аралап шықты.

Өңір бойынша үгіт-насихат материалдарын тарату үшін 1258 адамнан тұратын 292 белсенді топ құрылды. Барлық 1258 белсенді имидждік өнімдермен: күрткелермен, бас киімдермен, көп реттік маскалармен, шарфтармен және мерекелік атрибуттары бар сөмкелермен қамтамасыз етілген.

0
0
171

Осы тақырып бойынша

ШҚО-да үгіт-насихат материалдарын тарату үшін 292 белсенді топ құрылды - Yvision.kz