ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

"Серпін-2050" бағдарламасына байланысты жиналыс

Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Тасмағанбет С.Н. Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Т.Аубакировтың төрағалығымен өткен "Серпін-2050" бағдарламасына байланысты жиналысқа қатысты.

Жиын барысында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының проректоры Н.Темірбековтың және Политехникалық колледждің директоры А.Карбозовтың баяндамалары тыңдалды.

Ақпарат берушілердің айтуынша "Серпін-2050" бағдарламасы арқылы оқып шыққан мамандардың басым бөлігі өз өңірлерінде жұмысқа орналасқан. Оған, әрине, әртүрлі себептер бар. Солардың біреуі - тұрғын үй мәселесі.

"Егер де қалада жас мамандарға, жас отбасыларға пәтер беру сұрағы шешілсе, мамандар осы аймақта қалып, қызмет етер еді" - дейді оқу орындарының өкілдері.

Бұл мәселе қала әкімдігінің қадағалауына алынды және оны шешу жолдары таяу арада қарастырылатын болады.