Серғазы АҚМҰРАТОВ пен Мұрат САЙЛЫБАЕВ Бөген ауыл округінің тұрғындарымен кездесті.
Егемендік алғалы бері жеткен жетістіктеріміз ауыз толтырып айтарлықтай. Қазақстанды дербес мемлекет ретінде көптеген елдер мойындады. Семей ядролық полигонын жабу алқылы өзге мемлекеттерге үлгі болдық. Әсем Астананы салдық. Енді міне түркі жұртының рухани астанасына айналған киелі Түркістан шаһары облыс орталығы статусын алды. Мұнда небір ғажайып құрылыс нысандары салынуда. Елімізді осындай дәрежеге жеткізген ұлтымыздың біртуар азаматы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев деп білемін. Осы кісінің сарабдал саясатын жалғастырып, өзіндік ұстанымдарымен елді басқарып келе жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбегі орасан зор. Еліміздің қиын-қыстау кезінде "Nur Otan" партиясы халықпен бірге болды. Соның бір көрінісі ретінде Арыс қаласындағы жарылыс пен Мақтаарал ауданындағы су тасқынын айтуға болады. Ендеше сіздерді халықтың сеніміне кірген, әлі де кіре беретін партияға дауыс беруге шақырамын, -- деді С.Ақмұратов.М.Сайлыбаев та осы бағытта әңгіме қозғады. Айта кетсек, Мұрат бірнеше жыл аудандық Жастар ресурстық орталығында директор болған азамат. Бүгінде жеке кәсіпкер. Сол себептен де Елбасымыздың, Мемлекет басшысының белсенді жастарға, кәсіпкер азаматтарға көрсетіп жатқан қамқорлықтарын ерекше ілтипатпен жеткізді.
