Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сенімді өкілдер бизнес ұйымдардың өкілдерімен және кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Себебі, Мемлекет басшысының қоғамды жаңарту мен әділетті Қазақстан құруды көздейтін реформаларын жүзеге асыру үшін бірлік пен келісім қажет.

Осы орайда, бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облыстық сенімді өкілдері, Г.Тажибаева, А.Умбеталиев, аудандық штаб төрағасы Е.Исақұлов, штаб мүшесі Б.Абуов Қазығұрт ауылында бизнес ұйымдардың өкілдерімен және кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты - ҚР Президенттігіне Кандидат Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіру.

Айта кетейік, Қазығұрт ауданы бойынша ҚР Президенттігіне Кандидат Қ.К.Тоқаевтың 179 сенімді өкілі тіркеліп, куәліктері табысталды. Сенімді өкілдер, кездесу барысында Кандидат Қ.К. Тоқаевтың бағдарламасында көрсетілген бағыттарға тоқталып, мемлекеттің азаматтармен және бизнес өкілдерімен жүзбе-жүз кездеспей-ақ, қашықтан тиімді жұмыс істеуіне қажетті цифрлық инфрақұрылым жасалатынын айтып өтті.

Сондай-ақ, кәсіпкерлерді әрбір азаматтың құқығы мен еркі қорғалатын, адал еңбегімен, білім-білігімен көздеген асыл мұратына қол жеткізе алатын демократиялық, әділетті әрі қуатты мемлекет құруға атсалысуға, Қ.К.Тоқаевтың реформаларын қолдауға шақырды.

«AMANAT» партиясы, Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі

#TOQAEV2022

0
0
347

Осы тақырып бойынша

Сенімді өкілдер бизнес ұйымдардың өкілдерімен және кәсіпкерлермен кездесу өткізді. - Yvision.kz