Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Сенбілік таң» бағдарламасына 1 жыл

Барша қазақстандықтармен әр сенбі сайын жүздесетін Ұлттық арнаның «Сенбілік таң» бағдарламасының эфирге жол тартқанына ертең бір жыл толады.

Содан бергі уақытта елге танымал тұлғалардың, өнер жұлдыздарының, қоғам қайраткерлерінің отбасында болып, емен-жарқын әңгіме жүргізген.

Бағдарлама жүргізушісі, белгілі тележурналист Гүлмира Дайрабайдың шығармашылық  ізденісін де көрермен қауым  жылы қабылдады. Мұны  «Сенбілік таңның» әр шығарылымы сайын бағдарлама қонағының назарына ұсынатын көрермен хаттарынан көруге болады. Хаттардың мазмұны да ақыл тоқтатқан абыройлы ел ағаларынан, үлгілі отбасы иелерінен жөн сұраған жас толқынның  ойлары байқалады.

Сонымен бірге «Сенбілік таңның» кейіпкері болған тағдыр иелері де көрермен назарынан тыс қалған емес.  Бағдарлама эфирге шығып қана қоймай, көптеген адамға септігін тигізді. Осы орайда аязда қолын үсітіп, дертіне ем іздеген кішкентай Нұрмұхамедтің тағдыры туралы айтуға болады.

Халықтан демеу іздеп, бағдарлама редакциясына хабарласқан көпбалалы ана Жібек Таңатарқызына көмек көрсетілді.  Ұжым тарапынан бүлдіршін емханаға жеткізіліп, дәрігерлік көмек көрсетілді.

Ал, осы жағдай туралы әзірленген сюжетті көрген бағдарлама қонағы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев қол ұшын созды. Ел ағасы көпбалалы отбасының жағдайымен танысып, бала-шағаның қажетіне азық-түлік, Нұрмұхамедтің дәрі-дәрмегіне қаржылай көмек ұсынды.

Айта кету керек, осыдан бірер күні бұрын Ұлттық арнаның тағы бір жобасы «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» ток-шоуы да бір жылдығын атап өтті. Әу баста мақсаты айқын болған қос бағдарлама елімізде танымал тұлғаларды жаңа қырынан таныта білді.

 

 

0
0
1995

Осы тақырып бойынша

«Сенбілік таң» бағдарламасына 1 жыл - Yvision.kz