Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Семинар отырысы өткізілді

2017 жылдың 17 қараша күні «Жайық таңы» ҚБ БҚО ішкі саясат басқармасының қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттің саясаты мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.М. Хайруллин, «БҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президентіА.С. Туркина, «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.М. Мұштанова жәнеуниверситет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Шара барысында сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен шарттарды жою, сыбайлас жемқорлықтың болу себептері мен тигізетін әсерлері туралы түсінік беріледі. Өткізілген шараның негізгі түрткісі «пара алмау және бермеу».

Кездесуде кезінде бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылардың тақырып бойынша сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

 
0
0
415

Осы тақырып бойынша

Семинар отырысы өткізілді - Yvision.kz