Семинар-кеңес өтті
2017 жылдың 4 шілде күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бекітілген қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі 2017 жылға арналған кешенді жоспары аясында «Кепілдендірілген тегін медициналық көмектің шеңберінде сатып алулардың нәтижесі туралы» атты семинар-кеңес өтті.
Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті, Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департаменті, Фармация комитетінің БҚО бойынша департаменті басшылықтары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы, Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті, «Ақжол» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері, медицна мекемелерінің қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар атап өткендей, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға елеулі мән берілуде. 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өткізген кәсіпкерлер Форумы бизнестің аса маңызды 16 саласында сыбайлас жемқорлық қаупін жою бойынша Жол картасының іске асуына дәнекер болды.
Іс-шара барысында бейнеролик көрсетілді.
