Семейде рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Семей қаласында мониторингтік топтар кәсіпкерлік нысандарының карантиндік талаптарға сәйкестігін тексеруді жалғастыруда. Мониторингтің мақсаты - тұрғындарға коронавирустық инфекцияның таралу қауіпі жойылмағанын және карантиндік талаптардың орындалмауы әкімшілік жауапкершілікке соғатынын еске салу.
2020 жылдың 11 желтоқсанында Семей қаласының ТКҚҚББ қызметкерлері мониторингтік топтардың жұмысы кезінде бұрын анықталған 1 құқықбұзушылық фактісіне сәйкес ҚР ӘК 425-бабының 1 тармағы бойынша хаттама толтырып, а.ж. 18 қарашасында 1992 жылғы азамат М. қоғамдық орында жеке қорғану құралынсыз (медициналық бетперде) жүргені үшін айыппұл салды.
Айыппұлдың мөлшері 41 670 теңгені құрады.
