Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Семейде «Абай әлемі» атты кітаптар сериясының онлайн-таныстырылымы өтті.

«Барлығы 50 кітап жарық көрді, бұл 43 мың экземплярлық 31 автордан тұратын 5 жинақ, және әр басылымның өзіндік ерекшелігі бар. Жинақтың алғашқы 2018 жылғы басылымында Абай, Мұхтар және Шәкәрім шығармалары жарық көрді. Ал 2019 жылы «Жастар жылы» аясында жастар басылымдары басты назарда болды. Биылғы жылы Абайтану ғалымдарының зерттеулеріне көңіл бөлінді», - дейді кітапхана қызметкері Мұхаммед Слямжан. Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағы Семей филиалының жетекшісі, кітапхана қызметкері Мерей Қарт модераторлық етіп, қатысушыларды іс-шараның барысымен таныстырып отырды. Бұл жоба жылдан-жылға жалғасып, рухани жаңғыру әлемін оқырмандарға ашады деп сенеміз.

0
0
191

Осы тақырып бойынша

Семейде «Абай әлемі» атты кітаптар сериясының онлайн-таныстырылымы өтті. - Yvision.kz