Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Семей ядролық полигонының жабылу тарихы туралы "Полигон" сериалын көруге мүмкіндік туды.

Мерекелік демалыс күндері "Хабар" телеарнасында шыққан Семей ядролық полигонының жабылу тарихы туралы "Полигон" сериалын көруге мүмкіндік туды.

Полигон туралы бұрын көп оқыдым, алайда бәрімізге бұрыннан белгілі мәліметтердің көркем баяндалуы, актерлер сомдаған адамдардың образы халқымыздың тарихындағы осынау бір қайғылы күндерді тағы бір еске салды.

Семей полигоны еліміздің экологиясына, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайына қатты әсер етті. Барлық ақпарат құпия сақталды. Ядролық жарылыстардың салдары туралы еліміздің де, кеңестік одақтың басшылары да толық білмеді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың түбегейлі ұстанымы мен саяси батылдығының арқасында Қазақстан ядролық қарудан біржола құтылып, жарылыстардан зардап шеккен азаматтары мен территориясын сауықтыру бойынша кешенді шаралар қабылдады.

"Nur Otan" партиясы бүгінде Елбасының бағытын жалғастырып, бейбіт саясатты ұстанатын, әр азаматына лайықты өмірді қамтамасыз ете алатын еліміздің әлемдік аренада күш алуына қызмет етуде.

Осы тақырып бойынша

Семей ядролық полигонының жабылу тарихы туралы "Полигон" сериалын көруге мүмкіндік туды. - Yvision.kz