Семей полигонының жабылуына 30 жыл.
Семей полигонының жабылуына 30 жыл.
Семей ядорлық сынақ полигонының жабылуына биыл 30 толды. 40 жылдан астам уақыт халыққа зардабын тигізген полигон Елбасының бастамасымен 1991 жылы 29 тамызда жабылды.
Осылайша егемендігін енді алған Қазақстан бүкіл әлемге ядорлық қарудан ерікті түрде бас тартқан бейбіт өмірдің жаршысы ретінде таныла бастады. 29 тамыз- тарих бетіне халыққа қасірет пен үміт сыйлаған күн ретінде жазылады.
Іс-шара Райымбек аудандық кітапханасында ұйымдастырылып, шараға ішкі саясат бөлімінің мамандары, мектеп ұстаздары қатысып оқушыларымен осы тақырыпта кездесу өткізді.
Отырыста, Семей өңірінде жүргізілген сынақ полигоны жабылғанымен, одан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау, сауықтыру мен оңалту шаралары туралы, елде заманауи медициналық қызмет көрсетілуі тиіс деген оймен аяқталды.
