Семей полигонының жабылуына 30 жыл.
Семей полигонының жабылуына 30 жыл толуына байланысты отырысы өтті.
Семей ядорлық сынақ полигонының жабылуына биыл 30 толды. 40 жылдан астам уақыт халыққа зардабын тигізген полигон Елбасының бастамасымен 1991 жылы 29 тамызда жабылды. Осылайша егемендігін енді алған Қазақстан бүкіл әлемге ядорлық қарудан ерікті түрде бас тартқан бейбіт өмірдің жаршысы ретінде таныла бастады. 29 тамыз- тарих бетіне халыққа қасірет пен үміт сыйлаған күн ретінде жазылады.
«Невада –Семей» ядролық қозғалысының белсенділерімен, «Зейнеткер» БПҰ мүшелерімен дөңгелек үстелде кездесу өткізілді. Отырыста, Семей өңірінде жүргізілген сынақ полигоны жабылғанымен, одан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау, сауықтыру мен оңалту шаралары туралы, елде заманауи медициналық қызмет көрсетілуі тиіс деген оймен аяқталды.
