Семей қаласында мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда
Мониторингтік топтардың жұмысы нәтижесінде 25 қараша күні Семей қаласында карантиндік шараларды бұзу бойынша 3 факт тіркелді. Семей қаласының ТКҚҚББ қызметкерлері Әкімшілік кодекстің 425 бабының 1 бөлімі бойынша хаттамалар толтырып, Ауэзов көшесі 40 б және №3 қоғамдық көлікте медициналық маскасыз жүрген 1978, 1980 жылғы 2 азаматқа және ойын клубының жұмыс істеу фактісі бойынша 1997 жылғы 1 адамға айыппұл салынды.
Анықталған 3 факт бойынша айыппұлдың жалпы сомасы 125 010 теңгені құрайды.
