Семей қалалық "Nur Otan" партиясының ұйымдастыруымен көпбалалы аналармен ашық есік күні өткізілді.
Семей қалалық "Nur Otan" партиясының филиалының ұйымдастыруымен көпбалалы аналармен ашық есік күні өткізілді.
"Nur Otan" партиясының мүшелері Қоғамдық кеңес төрайымы Жамалтдинова Зульфия Фазылжанқызы аймақты дамыту бағдарламасы, "Балет мектебі" КММ директоры Исмаилова Камиля Рашидовна балаларды қосымша біліммен қамту, Диагностикалық орталық директорының орынбасары Нуриденова Райхан Куанышбековна көп балалы аналарды медициналық қамтамасыз ету, Оқасов Нұрбосын Серікқазынұлы жұмысшы мамандықтарға сұраныс, білім беру гранттары тақырыптары бойынша баяндама жасап, модератор Шолпан Бағланқызы Чегедекова қатысушылардың сұрақтарын спикерлерге жеткізіп, қойылған сұрақтар нақты жауаптарын алды.
