ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Семей адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің карантиндік фитосанитариялық бақылау жұмыстары

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің 2021 жылғы 15 қантардағы хаттамалық тапсырмасын орындау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейту мақсатында Комиссия, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және ФББ жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Г.Муратованың төрағалығымен, құрамында өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Б. Малгаждардың, кадр. ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлім басшысы С. Хадакованың. Семей қалалық аумақтық инспекциясының басшысы Е. Сембаевтың және «Семей адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д. Дайырованың қатысуымен карантиндік фитосанитариялық бақылауға ішкі талдау жүргізді:


- 09.02.2021ж. «Ай-Ар» ЖШС, Семей қаласы Жанатайұлы көшесі. 1/1 көрсетілетін мемлекеттік қызмет алу үшін келіп түскен өтінімге сәйкес. Семей қалалық аумақтық инспекция мамандарымен Тараз қaласына бағытталған 1 вагон - 68 тонна ұн өніміне;
-«Скиф Трейд» ЖШС, Семей қаласы Краснопильщиков көшесі, 36 үйдегі қоймада Нұр¬Сұлтан қаласынан келіп түскен 0.3 тн жарма өніміне;
- «Турсун» ЖТ, Семей қаласы Мичурин көшесі 79 үй, темір жол тұйығындағы 64 м.куб Ресей Федерациясынан келген ағаш өнімдеріне:
-«Абросимов» ЖТ Семей қаласы Мичурин көшесі 79 үй. Польшадан келген 14.8 тн алма, 4.6 тн алмұрт өнімдеріне;
-10.02.2021 ж. «ЛесСтройБизнес» ЖШС Ресей Федерациясынан келіп түскен 38.5 м.куб кесілген ағаш өніміне;
-«ВКМКК» АҚ Семей қаласы Мелькомбинат алаңы 1, Ресей Федерациясынан келіп түскен 20 тн қытай бұршағы карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізіліп, фото - және бейне тіркеу арнайы техникалық құралдары пайдаланылды.


Карантиндік фитосанитариялық бақылау өсімдіктeр карантині саласындағы заңнама талаптарына сай жүргізілді.


@shygys_adaldyq_alany