Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен кездесу!
«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Исақұлов Есімхан Ешенқұлұлы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында :- «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» Мемлекет Басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Жолдауда көрсетілген Х-бағыт бойынша кеңінен тоқталып, барлық әрекет халықтың - қазақ елінің әл-ауқатын жақсартуға арналған тиімді жобалар екендігін түсіндірді.
Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенеуге шақырды.
