Сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады
«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалы Саяси кеңес мүшесі Т.Садуов қабылдау өткізді. Әлеуметтік желілер арқылы онлайн өткен қабылдауда сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сұрақтарына жауап беріп, заң аясында кеңестер берді. Партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, жоспарлармен таныстырды.
