Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді

«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер Қалыйма Жантөреева, Баймахан Сүлейменов, Мұрат Садуов, Насиба Атаева, Данияр Юнусалиев, Марина Лимаренко «Кандидатқа сұрақ қой» іс-шарасына қатысып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Әлеуметтік желілер арқылы өткен шарада партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.

Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады.

0
0
129

Осы тақырып бойынша

Сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді - Yvision.kz