Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді

Бүгін «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Сергей Лепехин, Ерболат Конурбаев, Мирхат Мұсанап «Екібастұз пайдалану локомотив депосы» АҚ жұмыскерлерімен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Жиын кәсіпорынның конференция залында, барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай өтті.

Кездесу барысында кандидаттар «Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасының таныстырылымын жасап, негізгі тезистеріне тоқталды.

Еңбек ұжымының өкілдері кандидаттарға сайлаудың жаңа форматы, пандемияның қазіргі жағдайы, жолдардың жөнделуі, үйлерді басқарудың жаңа жүйесі — Мүліктің меншік иелері бірлестігі туралы сұрақтар қойды. Сонымен қатар жиынға қатысушылар жеке меншік секторға көңіл аударуды сұрап, Северный кентінде балалар ойын алаңшасын құру, кәріз жүйелерін ретке келтіру мәселелерін көтерді.

Жиын соңында кандидаттар кездесу қатысушыларына өздерін сайлаушылар тізімінен тексеруге болатынын ескертті.

«Nur Otan» партиясы ЕҚФ сайлауалды штабының баспасөз қызметі.

0
0
106

Осы тақырып бойынша

Сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді - Yvision.kz