Сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды
Бүгін ҚР Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша көпсалалы Конгресс хол кешенінде өнер майталмандарымен қалалық штаб мүшелері Дәурен Тәңірбергенов , Жарқынбек Құлбайымбетов және қалалық қоғамдық штаб төрағасы Гаппар Сарсенбаев қатысты.
Қалалық штаб төрағасы Ғаппар Сарсенбаев тұғырнаманың басым бөлігі еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына, яғни, әлеуметтік көмек көрсету, мектеп, аурухана салу, мемлекеттің қаржысын тиімді пайдалану, бала капиталын жетілдіру секілді өзекті мәселелерге арналғаның тілге тиек етті.
Ғаппар Амантайұлы монополиялардың жойылып, табыстың әділ бөлінуін қамтамасыз етілетіндігі жайлы, көмекке мұқтаж кез келген азамат мемлекет пен қоғамнан қолдау ала алатындығы жайлы, ауызсу мәселелері мен азық түлік қауіпсіздігі жайлы бағдарлама бөлігін ашық айтты.
Кездесуде білім беру саласы өкілдеріне Президент Жолдауында айтылған айшықты ойлар мен іске асырылып жатқан байыпты істер нәтижесі жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ алдағы өтер сайлау науқанында Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөнінде айтылып, қойылған сауалдарға жауаптар берілді
Президент Қасым Жомарт Кемелұлының игі бастамасына қолдау білдірушілер қатары артып жатқаны қуатты Қазақстанның әділетті қоғам құрудағы жарқын бастамасы. Мұның барлығы ел әлеуетінің артуына тигізер әсері зор.
