Сайлауалды штаб мүшелерімен кездесу
Ағымдағы жылдың 28 желтоқсан күні "КMG EP - Catering"ЖШС -нің ұжымы "Nur Otan" партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының сайлауалды штабының мүшелерімен кездесті. Аталған жиынға облыстық, қалалық мәслихаттың депутаттығына ұсынылған партия белсенділері бар.
Атап айтсақ: А. Қарамұрзаев, Қ. Базылов, Ж. Муханов,С. Қаржаубайұлы, Г. Жүгенбаева, Э. Худайбергенова, О. Сейдов, және Б. Қорғанбаев.
Кездесу барысында штаб мүшелері алдағы бес жылдықта атқарылатын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қатысушылармен пікір алмасты.
Жиынға қатысқан "КMG EP - Catering"ЖШС - нің ұжымы көшбасшы партияға сәттіліктер тілеп, еліміздің дамуы үшін тиісті жұмыстарды атқаратындығына сенім білдірді.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз! "Nur Otan" ға дауыс бер!
#NurOtan
#NurOtanZanaOzen
#BizBirgemiz
#Jeńimp


